Ирандағы денсаулық сақтау нысандарына жасалған шабуылдар салдарынан 21 медицина қызметкері қаза тапқан. Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Али Бахрейни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директорының атына жолдаған хатында мәлімдеді. Оның мәлімдемесін SNN агенттігі жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz