Дональд Трамп әкімшілігі мемлекеттік тиімділік департаментін таратып жіберді. Ведомство жұмысын тиісті мерзімінен сегіз ай бұрын тоқтатты. Құрылым жыл басында Илон Масктың жетекшілігімен бюрократиямен күрес және бюджеттік шығындарды оңтайландыру мақсатында құрылған еді.