АҚШ-тың 20 штаты Дональд Трамптың әкімшілігін сотқа берді. Бұған Ақ үй басшысының визасы үшін алымдарды 100 мың долларға дейін көтеруі себеп болып отыр. Бұл туралы Калифорнияның бас прокуроры Роб Бонта мәлімдеді. Прокурордың сөзінше, Трамптың президент ретінде мұндай ережені енгізуге құқығы жоқ. Ол дәл осы виза үшін алымның едәуір қымбаттауы Құрама Штаттардағы білім, денсаулық сақтау жүйесі салаларына кері әсер ететінін айтады.
Жаңалықтар