Түркі әлемінің жастары – келешектің зияткерлік капиталы. Анкарада өткен түркі елдері жастарының кездесуі осындай рухты ұранмен аяқталды. Іс-шарада бауырлас елдердің жастары ырғақты әуен арқылы бірлікті дәріптеп, күмбірлеген күймен ортақ құндылықты жеткізді.