Брюссельде Қазақстан мәдениеті апталығы аясында қазақ киносының күндері өтті. Іс-шараны Бельгиядағы елшілік «Қазақфильм» киностудиясымен және Франциядағы Қазақ киносы қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Еуропа көрермендерінің назарына «Бақыт құшағында» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері ұсынылды. Бұл туындылар қазақ халқының маңызды тарихи кезеңдерін, рухани құндылықтары мен бай мәдени мұрасын кино тілі арқылы паш етті.
Жаңалықтар