Израильдің әуе соққысы салдарынан ХАМАС-тың жоғары лауазымды командирі Раед Саад қаза тапты. Оперция Газаның батыс бөлігінде жасалды. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің кеңсесі мәлімдемеді. Израиль әскерилері: «Раед Саадты ХАМАС күшейту штабының басшысы әрі 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылдың негізгі ұйымдастырушыларының бірі», - дейді. Соққы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам жараланған. Газада Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату тәртібін жариялағалы 386 адам қаза тауып, мың 18 адам жарақат алды. Ал соғыс басталғалы бері қаза тапқан палестиналықтардың жалпы саны 70 мыңнан асты.
Жаңалықтар