Ұлыбританияда кісі есігін сағалап жүргендер көп. Үй қымбат болған соң бірсыпыра жұрт жалдап тұруға мәжбүр. Бірақ адал ақшаңды уақытылы қолына ұстатсаң да пәтер иесінің айтқанына көніп, айдағанына жүресің. Басқа амал жоқ. Өйткені заң жалдаушыны емес, жалға берушіні жақтайды.