Бүгін Алматыдағы әйгілі «Алтын орда» базарының бір топ кәсіпкерлері наразылыққа шықты. Олардың айтуынша, салынып жатқан сауда кешеніне алдын ала төлесе де саудагерлер далада қалуы мүмкін. Өйткені базар алып жатқан 20 гектар жер 2022 жылдың 20- сәуірде жаңа қожайын өздерінің атына рейдерлік әрекетпен рәсімдеп алған. 2007 жылдан бастап базардың заңды иесі ретінде «Құрылыс LTD» ЖШС танылған. […]