Алматы Наурыз мейрамын қарсы алуға дайын. Қала келбеті жаңарып, орталық көшелер мен алаңдарда тақырыптық инсталляциялар орнатылып, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген баннерлер мен сәндік элементтер пайда болуда. Сауда орталықтарының витриналары мен қоғамдық кеңістіктер біртұтас стильде безендіріліп, қала тұрғындарына мерекенің жақындағанын айқын сезіндіруде. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Мерекелік онкүндік мазмұнды әрі ауқымды іс-шаралармен басталды. Соның бірі...