Алматыдағы Орталық стадионның қосалқы алаңында Қазақстан Республикасы халқының Президенттік дене шынықтыру сынақтары өтті. Ауқымды спорттық шараға мектеп оқушыларынан бастап аға буын өкілдеріне дейінгі 1000-нан астам қала тұрғыны қатысты. Президенттік сынақтар – азаматтардың дене дайындығы деңгейін анықтауға арналған мемлекеттік нормативтер жүйесі. Оларды өткізу бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және халықты тұрақты түрде дене шынықтырумен...