Фото: Алматы қалалық Мәдениет басқармасы Алматыда 21 наурыз күні Астана алаңында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін қаланың орталық алаңы ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени форматтарды ұштастыратын мерекенің басты алаңына айналады. Бағдарламада қазақстандық артистердің қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар мен...