Фото: Алматы әкімдігі Алматыда Ұлттық киім күніне орай ерекше әрі әсерлі іс-шара өтті. Тұрғындар мұз айдынында ұлттық киім киіп шығып, жаппай сырғанады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Мерекелік іс-шара қаладағы бірден үш мұз айдынында — «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» кешендерінде қатар өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды. Сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін...