Фото: Алматы әкімдігі Наурызнама онкүндігі аясындағы «Тазару күніне» орай Алматы жастары ерекше белсенділік танытып, қала тұрғындары үшін ауқымды мәдени шара ұйымдастырды. Бүгін Астана алаңында қала жастарының ұйымдастыруымен мерекелік үлкен концерт өтті. Шара барысында Алматының талантты жастары сахнаға шығып, ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық өнерлерін паш етті. Концерт алаңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтары жастардың...