Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы. Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағынауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше әрі жылы атмосфера қарсы алды. №200 мектеп ғимаратында орналасқан учаскеде сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киім киген «Әжелер хоры» қарсы алды. Әнші әжелер алғашқы минуттан-ақ мерекелік көңіл күй...