Бүгін елордада «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері референдум өткізуді қолдау мақсатында М.Горький атындағы орыс драма театрының шығармашылық ұжымымен кездесті. Жиын барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев штабтың басты міндеті – қазақстандықтарға саяси реформалар мен алдағы референдумның мәнін түсінікті тілмен жеткізу екенін атап өтті. «Алдағы референдум еліміздің болашағын айқындайтыны сөзсіз. Сондықтан да біз саяси реформалардың қажеттілігі […]