«AMANAT» партиясының Байқоңыр филиалы жанынан құрылған топ Ақай ауылдық округінің дүкендеріндегі азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында кәсіпорын иелері мен тұрғындардың ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалды. Мониторингтік топ тарапынан кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасын негізсіз қымбаттатқан жағдайда тиісті шаралар қолданылатындығы жөнінде ескертілді.