«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы сапарында «Игіліков» балық зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Жалпыхалықтық референдумды қолдауға арналған кездесуде Ғалым Махмұтбайұлы ең алдымен зауыт жұмысымен танысты. Содан кейін Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен әңгімелеп берді. «Елдегі саяси маңызы бар кезеңге, […]