«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Жулин және Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Ажиков зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Мәжіліс депутаты ұжыммен әңгімелесу алдында мекеме жұмысымен жіті танысып, қызметкерлердің жай-күйін сұрап білді. Кездесу барысында республикалық референдум өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды. «Саяси өмірде референдум сияқты […]