«AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық партиялық штабтың мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова мен Ирина Унжакова Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді жан-жақты түсіндіру үшін Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен кездесті. – Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. […]