Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшелері Дархан Мыңбайдың, Құдайберген Ержанның, Қайнар Абасовтың және Сырым Ертаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Түлкібас ауданы Мичурин ауылдық округіне барған штаб мүшелері аудандағы шаруалармен және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында жалпыхалықтық референдумды өткізудің алғышарттарын, ұсынылған реформалардың ерекшеліктерін, демократиялық түрленудің маңызын халыққа қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. […]