Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Балайым Кесебаева референдумды қолдау, сайлаушыларды науқанға қатысуға шақыру мақсатында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты М.Шәменов ауылындағы «Мега Агро» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді. Штаб мүшелері егіс басындағы шаруаларға жалпыхалықтық референдум өткізудің алғышарттарын, ұсынылған реформалардың ерекшеліктерін, демократиялық түрленудің маңызын қарапайым әрі түсінікті сөздермен жеткізді. «Ықпалды Парламент […]