Жалпыхалықтық референдум өтетін күн жақындаған сайын оның маңызы мен мақсатын түсіндіру бағытындағы жұмыстар да қыза түсті. Осыған орай «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерту енгізу жөнінде референдум жариялаған күннен бастап оған қатысты талай жиын-жиналыстар өткізілді. Қазір жалпақ […]