Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Балайым Кесебаева кәсіпкерлермен кездесті. «Президент Қ.Тоқаев мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халық өзі айқындайтын жағдайға жеткізу үшін референдум өткізгелі отыр. Ел Конституциясы бірнеше рет өзгерді, бірақ барлығы Парламент арқылы шешіліп келген […]