Былтырдан бері күні бүгінге дейін «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты 72 шағым түсті. Арыздың көпшілігі Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы қаласына тиесілі. Олардың басым бөлігі қоғамдық қабылдаулардың өңірлерде өткізген кездесуі кезінде айтылды. Өтініш-тілектердің 90 пайызы елді мекендердегі заңсыз күлтөкпелерді жоюға, оның тасымалдау құнын арзандатуға байланысты болды. Сондай-ақ күлтөкпелерді […]