Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов Нұр-Сұлтан қаласындағы «Үркер» тұрғындарымен кездесті. Референдум аясында өткен кездесуде депутат Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, өзгеріске ұшырайтын әр баптың маңыздылығына тоқталды. – Конституциялық реформа аясында Ата заңның әрбір үшінші бабы өзгереді деп жоспарлануда. Референдум – қоғамның жалпы көзқарасын, пікірін тануға, саяси біліктілігін арттыруға, қоғамның түйткілді мәселелерін қарастырып, […]