Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы EXPO аумағында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Менің елім» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға белгілі әншілер қатысып, әннен шашу шашып, елордалықтардың көңіл күйін көтерді. Кешті тамашалауға 20 мыңнан астам көрермен жиылды. Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияның солисі Алтыншаш Мұқатаева мерекеге орай тыңдармандарға өзінің авторлық әнін шашу ретінде орындады. «Бұл әнім […]