Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Тәжмағамбетова мен Д.Әлімбаев, сондай-ақ Алматы облыстық мәслихатының депутаты С.Шеңгелбаев, аудандық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы М.Бейсенов Балпық би ауылындағы Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде ынталы топ референдумға қатысу әрбір азаматтың парызы екенін, ол еліміздің болашағын айқындауға бағытталған іс-шара екенін түсіндірді. «Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың […]