Өткен жыл мен жыл басынан бергі үш айда «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына қатты тұрмыстық қалдықтарға (ҚТҚ) қатысты 72 шағым түсті. Арыздың көпшілігі Қарағанды (20 %), Ақмола (18 %), Шығыс Қазақстан (10 %), Қостанай (10), Павлодар (7 %) облыстары мен Алматы қаласына (7 %) тиесілі. Олардың басым бөлігі (75%) қоғамдық қабылдаулардың өңірлерде өткізген кездесу кезінде айтылды. […]