Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Сауран секторының тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті. Мұнда қозғалған мәселелер «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына да енгізілген. Бұл шаһар басшысының жыл басынан бергі Сауран секторындағы үшінші кездесуі. Ақпан және наурыз айларында тұрғындармен кездесу барысында көтерілген 88 мәселенің қазір 82-сі нақты шешімін тапқан, үшеуі орындалу үстінде, тағы […]