Жалпыхалықтық референдум мерзімі жақындаған сайын Парламенттің қос палатасындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен кездесуді жиілетіп, алдағы саяси шараның маңыздылығын түсіндіруді үдете түсті. Осыған орай Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Айгүл Нұркина, Вера Ким және Анатолий Бойчин Павлодар облысында білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен, сондай-ақ Павлодар қаласы Трамвай басқармасының ұжымымен кездесті. «Ұсынылып отырған […]