Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ұйымның Орталық аппаратында фракция мүшелерінің, өңірлік филиалдар атқарушы хатшыларының, қоғамдық кеңестер басшыларының және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған реформалар барлық саяси ұйымдардың әділ бәсекесіне жағдай жасағанын атап өтті. «AMANAT» партиясы – 23 жылдық тарихы бар еліміздің ірі саяси күш. […]