Отан қорғаушылар күні мен ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай елордада «AMANAT» жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының финалдық кезеңі өтті. Жабылу салтанатына партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Қорғаныс министрінің өкілдері, Парламент депутаттары және қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Еліміздің барлық өңіріндегі 10-11 сыныптардың 1700 оқушысының ішінен іріктелген 100-ден астам финалист екі күн бойы […]