Тәуелсіздіктің төл тартуы әрі туындысы ретінде көшбасшы партия Қазақстанмен бірге жаңғырып, елімізбен бірге қуаттануда. Ол осы жылдары жетекші күшке айналып қана қоймай, әрбір қазақстандықтың мүддесін білдіретін орган рөлін атқарып келеді. Партия елдіктің міндет-мұраттарын қоғамның қажеттіліктерімен қабыстырып, қатар ілгерілетеді. Ендеше оның атауында қазақ үшін қасиетті «аманат» ұғымының ұлықталуы – заңды. Бүгінде «AMANAT» партиясы жаңарудың жаңа белесіне […]