Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасына орай, өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясының мүшесі Ғани Ташқараев осы жолғы өзгерістердің ауқымы өте кең екеніне тоқталды. Депутаттың айтуынша, конституцияға енгізілетін түзетулер билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге көмектеседі. Кездесуде жұмысшылар жер және пайдалы қазбалар мәселесі […]