26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағындағы өрт салдарынан болған қайғылы оқиғаға бір жыл толып отыр. Әскери бөлім аумағында инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс салдарынан қаза болған 17 адамды еске алуға арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.