Түркістан облысында қардың күрт еруінен Арыс өзеніне құятын Қабылсай каналы арнасынан тасып, көптеген елді мекенді су басты. Су тасқынына қарсы шараларға Қорғаныс министрлігіне қарасты 44859 әскери бөлімінің жүз сарбазы жұмылдырылды, деп хабарлайды, Zakon.kz.