Жалпыұлттық референдум күні 373 сайлау учаскесіне Ахметовтар отбасының үш буыны — ата, әке және немере бірге келді. Бұл көрініс ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық бірлікті және ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымды айқын көрсетті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, маңызды қоғамдық-саяси науқандар кезінде учаскеге бірге келу — олардың қалыптасқан дәстүрі. Әсіресе бұл күн...