Өткен аптада әлемнің тоғыз елінде тұратын 30-ға жуық қазақ жастары жаңа тынысы ашылған Семей жерінде бас қосты. Сыртта жүрсе де, Қазақстан десе елең етпей қоймайтын олар «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен Алаш астанасында өткен «Киелі Қазақстан – 2022» жобасына қатысты. Онда Түркиядан келген қандасымыз Үмітхан Гүлерюз Қазақстанның түрлі аймағына түрік кәсіпкерлерін тартып, екі ел арасындағы мәдениет және …