Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана жұмыс істегені анықталды. Оны ұйымдастырды деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тінту барысында полиция қызметкерлері жалпы салмағы 4,5 келі есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған жабдықтарды тәркіледі. Бұл туралы Newsroom.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.