Экс-депутат Ынташ Наурызова Маңғыстау әкімін айыптап, Президентке үндеу жасады деп хабарлайды Democrat.kz. Маңғыстау облыстық мәслихатының экс-депутаты Ынташ Наурызова аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан қысым көріп отырғанын айтып, Президенттен көмек сұрап, видео жариялады. Оның айтуынша, әкім екеуінің ортақ ұлы бар. «Ол маған сес көрсетіп, адамдарын жіберіп, үнемі үрейде ұстайды. Соңымнан сөз тасып, лас әрекет ұйымдастырып, қорқытып-үркітумен келеді. Басқан ізімді аңдып, өмірімнің берекесін кетіріп болды», – дейді ол. Отбасылы еркекпен жүргенін қателік деп мойындаған Ынташ Наурызова: “Шарасыз қалдым. Бар айыбым – әйелі бар адаммен кездескенім. Ол адам бірінші болып, өзі маған жазып, тиісті. Басқа қыздарға да солай жасаған” деп көз жасына ерік берді. […]

“Айыбым – әйелі бар еркекпен кездестім” деп еңіреген экс-депутат көмек сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
Жаңалықтар





























