Шымкент қалалық білім басқармасының мемлекеттік сатып алулары күн өткен сайын күмән тудыруда. Мемлекеттік қаржының ашықтығына деген сенім азайып жатқан тұста, жүздеген миллион теңгені құрайтын сатып алуларда формалды бәсекелестік, күмәнді сәйкестіктер мен нақты жеткізушілерге деген «түсініксіз» сенім көзге ұрады. Бір ғана мердігер — ондаған миллион теңге Бұл оқиғаның басты кейіпкері — жеке кәсіпкер Берденова Балжан Нысанбекқызы. Мемлекеттік сатып алулардың goszakup.gov.kz порталындағы деректерге сүйенсек, ол 2025 жылдың өзінде мектептерді тамақпен қамту бойынша 160 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарттар жеңіп алған. Басты мәселе — мүмкін аффилиирленуінде. Берденова тегі — сирек кездеседі және ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің тегіне дәл сәйкес келеді. […]



Жаңалықтар
