Ақтөбе облысында былтыр Хромтауда болған аса қатыгез кісі өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Негізгі айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылса, қылмысты жасырған екінші адам 4 жылға сотталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының Полиция департаменті хабарлайды.