Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» және «Гишт-Куприк» автомобиль өткізу пункттері жаңғыртудан кейін жұмысын қайта бастады. Жаңартылған инфрақұрылым жолаушылар ағынын арттыруға, шекарадан өту уақытын оңтайландыруға және екі ел арасындағы көлік байланысын дамытуға мүмкіндік береді.