Қостанайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту министрліктерінің ескертулеріне қарамастан мұғалімдер жағажайға кезекшілікке шығарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қала әкімі Марат Жүндібаев су айдындарын тексеріп кезекшілікке шығуға педагогтарды тартуды ұсынды. Бұл шешім суға батқан оқушының қайғылы қазасынан кейін пайда болды. Алайда Білім басқармасы мұғалімдердің жағажайға кезекшілікке шығуға міндетті емес екенін бірден айтты. Тіпті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де әкімнің бұл тапсырмасы орындалса,ведомство тиісті шаралар қабылдайтынын ескертті. Соған қарамастан мұғалімдер кезекшілікке шығып жатыр. Физика пәнінің оқытушысы Еран Өскенбаевтың айтуынша, ол өткен жазда да жағажайды күзеткен. “Мұғалімдердің демалысы 56 күн. Бұл кезде мен демалыста болмас едім. Өйткені балалар емтихан тапсырады. […]



Жаңалықтар

