Бүгінде қазақ тіліне деген сұраныс күн сайын артып келеді. Оған дәлел қазақ тілді аудиторияның көбеюі, әлеуметтік желілердегі қазақ тілді оқырман санының артуы, шетелдіктердің ана тілімізге деген қызығушылығы тіліміздің мәртебесін асқақтатуда. Ал Президентіміздің бүгінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, білім беру мен технология, медиа салаларында қазақ тілді контентті көбейту мәселелері бойынша ұсыныстары халықты бір серпілтіп тастағаны анық.