Америка құрама штаттарында қоғам мен БАҚ тіпті жақындастырылған. Оның себебі де жоқ емес. Сонау 19–ғасырдан бастап 20-шы ғасырдың ширегінде журналистика қарқынды дамыды. Соның арқасында елге жаңа медиа да ерте келді. 20-ғасырдың басында-ақ, әр штатта заманауи құрылғылармен жабдықталған телеарналар қалыптасты. Көптеген америкалық теоретиктер мен ғалымдар бұл саланы басты назарда ұстады. Миллиондаған доллар қаржы түсіретін мұндай бизнес көзіне көптеген инвесторлар ақша құйды.