16-18 маусым аралығында "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпараттық жүйесіне көшу жұмыстарының екінші кезеңі өтеді. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілетін қызметтер уақытша қолжетімсіз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.