Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Таразда өткен "KazАgroZhambyl-2024" халықаралық ауыл шаруашылығы форумында бірқатар елдердің іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізді. Форумда инвестициялық байланыстарды жолға қою, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.