Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы орталығындағы драма театрына есімі берілген Қазақ ССР Халық әртісі Бикен Римованың бюстіне гүл шоғын қойды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты, деп хабарлайды Zakon.kz.