Мұғалімдер арасында "сарапшы" санатын алуға қатысты тағы дау шығып жатыр. Еңбек өтілі 40 жылдан асқан педагогтің айтуынша, мектеп әкімшілігі "сарапшы" санатын алу үшін тест тапсыруға міндеттеп жатыр. Massaget.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдады.